08.04.2014
Форумға халықаралық және отандық өндірістік кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік және мемлекеттік емес даму институттарының өкілдері, және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Әсет Исекешев қатысады деп күтілуде, деп «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметінде хабарлады.
Форумның мақсаты Қазақмыс компаниясы мен отандық және шетелдік өнім шығарушылар арасында өзара іс-қимыл жасау, өнім жеткізу, жаңа технологиялар енгізу және ынтымақтастықтың өзге де мәселерін талқылау бойынша сұхбаттастық алаңын құру болып табылады.