• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылы Қостанай облысындағы ауылдық территорияны дамытуға 20 млрд теңгеден астам  қаржы бөлінді 08.04.2014

Қостанай облысындағы ауылдық территориялардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға анализ бойынша және оларды одан ары дамыту үшін шараларға арналған келелі кеңесте облыс әкімі аппаратының жетекшісі Арман Әбенов атап өткендей, 2014 жылы  өңірдің ауылдық территорияларын дамыту мақсатында 20,8 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде 16,5 млрд. теңгесі - құрылыс пен қайта құруға қарастырылған.

Оның айтуынша, бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Егер, 2009 жылы ол 9,4 млрд. теңгені құраса,  2013 жылы 17,8 млрд. теңгеге жетті, яғни екі есе өсті.

Айта кетерлік жайт, жалпы 2009 жылмен 2013 жыл аралығында бұл мақсатта 63 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалса, оның 41,7 құрылыс пен қайта құруға, 15,1 әлеуметтік саланың нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге, 5,8 млрд. теңгесі матералдық-техникалық жабдықтарға жіберілді. Ал, «Өңірлік даму» бағдарламасы бойынша ағымдық жайғастыру жұмыстарына 386,7 млн. теңге кетті. 


Back to the list