• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«ҚазАгро» көктемгі-егіс жұмыстарына 61,6 млрд теңге бағыттайды 08.04.2014

Ағымдағы жылы егіс жұмыстарына несиелер еншілес компаниялар арқылы өткен жылдағы ұқсас несиелік өнімдер бойынша беріледі. Бұдан басқа «ҚазАгро» алғаш рет көктемгі-егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыратын болады. Бұл мақстаттарға бюджеттік несие қаражатынан 20 млрд.теңге бөлінді, деп холдингте хабарлады. Егін егуге арналған несиелік қаражаттың жаңа көзі «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес шаруалардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында  қосылды. Жалпы, Ұлттық холдингтен егін жұмыстарына бөлінген қаражат 6,1 млн.га жер көлеміне агротехникалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Ұлттық холдингтің компаниялары республикамыздың оңтүстігінде және негізгі астық егетін өңірлерінде белсенді қаржыландыруды жүргізуде. Мысалы, Аграрлық несие корпорациясына 6,5 млрд.теңгені құрайтын 300 өтінім келіп түсті. Оның бүгінгі күні 1,7 млрд.теңгеге 75 өтінім несиелендірілді.

 Ағымдағы жылы корпорация республиканың агросаласына өз бағдарламалары аясында барлығы 13 млрд.теңге жұмсауды жоспарлауда. 

 


Back to the list