07.04.2014
ҚР Статистика агенттігінде хабарлағандай, жаңа шаршы метр тұрғын үй бағасы 218 481 теңгені құрады, ол ақпан айымен салыстырғанда 2,1 пайызға жоғары, 2013 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 20,4 пайызға жоғары.
Екінші деңгейлі нарықта баспана құны 167 885 теңгені құрады, ол 2014 жылдың ақпан айының көрсеткішінен 1,6 пайызға, 2013 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 24,5 пайызға жоғары.
Айта кетейік, тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.