• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылдың соңына дейін «Бейнеу-Бозой» учаскісінде 311 км созылған желілік бөлігінің құрылысы аяқталады - МГМ 07.04.2014

«Есептік жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» масштабты жобасы аясында «Бозой-Шымкент» учаскісіндегі жұмыстар аяқталды. Қазіргі таңда газқұбырының жобалық қуаттылығы жылына 2,5 млрд. текше метрге жетті, алдағы уақытта газқұбырының қуаттылығын кезең-кезеңімен жылына 10 млрд. текше метрге жеткізу жоспарланған», - деді Ұ. Қарабалин.

Ведомство басшысы атап өткендей,  бұл жобаны жүзеге асыру ҚР-да импортқа тәуелді аймақтарды газбен қамтамасыз етіп, 500-ден астам елді мекендерге газ жүргізуге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, жобаның алғашқы кезеңінде-ақ оңтүстік өңірде қыс мезгілінде дәстүрлі түрде болатын газбен қамтамасыз етудегі үзілістерді болдырмауға жағдай жасады. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Бейнеу-Бозой» учаскісінде 311 км созылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газқұбыры желілік бөлігінің құрылысы аяқталады», - деп министр толықтырды.

Сондай-ақ, 2015 жылы Бозой және Қараөзек компрессорлы станциялардың құрылысы тәмәмдалады.


Back to the list