07.04.2014
Экологиялық айлық аясында астанада қала аумағын санитарлық тазалау, көшелер, тротуарлар мен аудан аулаларын ретке келтіру, Есіл өзені арналарын, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ бұлақтарын қалдықтар мен тұрмыстық шығындардан аршу, арықтардағы кәріз жүйесін тазалау көзделуде, деп Астана қаласының әкімдігінде хабарлады.
Сонымен қатар, гүлзар мен бақтардағы жасыл көшеттерді күтуде маусымдық агротехникалық жұмыстар, көгалдар мен гүлзарлар аумағының құрылысы бойынша шаралар, қар ерігеннен кейінгі қар үйіндісі аумағын құнарландыру бойынша шаралар жүргізіледі.
19 сәуір дәстүрлі астаналық жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған 8500 кәсіорын мен ұйым, 170 оқу орны, 360 ПИК, жалпы 93000 адам және 450 техника жұмылдырылмақ.
Сенбілікте 2700 көшет отырғызу жоспарланып отыр.