• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұ. Қарабалин: ҚР-да мұнай өндіру бойынша жаңа рекордтық көрсеткіш орнатылды 07.04.2014

«Елімізде  мұнай өндіру бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға жоғары  жаңа рекордтық көрсеткіш - 81,8 млн. тоннаға қол жеткізілді. Осы ретте алғаш рет мұнай экспорты 72 млн. тоннаны құрады.  Бірінші рет газ өндіру деңгейі  42 млрд. текше метрге жетті. Сонымен қатар, кепкен газ тауарының өндірісі 22,8 млрд. текше метр, ал, сұйытылған мұнай газының өндірісі 2,5 млн. тонна болды.  Ал, мұнайды өңдеу көлемі 14,3 млн. тоннаға,  газа тасымалы - 99 млрд. текше метрге жетті», -  деп ведомство басшысы хабарлады.

Ұ. Қарабалин атап өткендей, саланың міндеттерін орындау бірқатар ірі жобаларды іске асыруға негізделген. Өндіруде олар Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған.

«2013 жылы Теңізде мұнай өндіру бойынша рекордтық көрсеткіш - 27 млн. тоннаға қол жетті. Жоба Шеврон, ЭксонМобил, Лукарко және ҚазМұнайГаз компанияларымен жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыру бойынша 20 жылда бюджетке төлем  61 млрд. доллардан асып кетті. Оның ішінде 2013 жылы 11 млрд. доллардан астам төлем жүргізілді. Ал, жобаны жүзеге асырудан ҚМГ дивиденттері 9 млрд. долларға жетті», - деп ол өз ойын толықтырды.


Back to the list