07.04.2014
«Министрліктің күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерінің бірі – газ саласын бұдан ары дамыту. Халықаралық сарапшылардың болжамы ұзақмерзімді уақытта осы саланың елімізде тасы өрге домалайтынын айтады. Соның ішінде 2030-2040 жылдары әлемдік энергетикалық баланста газдың рөлі мұнаймен теңесетіні жайлы мәліметтер бар. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанның газ саласының даму тұжырымдамасы дайындалады», - дейді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, әлемдік трендтерге сай онда газдың түсуі өте маңызға ие. Сонымен қатар, газдандырудың бас сызбасы, ішкі нарықтағы тауарлы газдың бағасын қоюды жетілдіру, шаруашылық субъектілер мен мемлекеттік органдардың өзара жұмысы ережелері мен рөлін жүйелендіру мәселелері уақыт күттірмейтін түйіндер.
Сонымен қатар, биыл министрлік тарапынан газды төмендету мен тауарлық газды іске асырудың көтерме құнының шекті бағасын анықтау ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соның ішінде ұлттық операторды құрайтын маржиналды құрамға тиісті емес формуланы алып тастау туралы шешім қабылданды.
«Осы орайда мемлекеттік басымдылық ережесі аясында тауарлы тазды жер қойнауын игерушілерден сатып алу бағасы 2014 жылдың соңына дейін сақталатын болады. Газды өңдеу мен өнім арасындағы шығынды таратуда жер қойнауын игерушілердің қызығушылығынан айыруға мүмкіндік беретін коэффициент құнын пайдалауда шикізаттық газды өңдеуге кететін шығынды анықтауды қарастыратын өзгерістер дайындалуда», - дейді Ұ.Қарабалин.