• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР МГМ 2016 жылы қазақстандық үш МӨЗ  жаңғырту  үрдісін аяқтайды 07.04.2014

«Мемлекет басшысының Жолдауындағы басымдылық берген мәселелерінің бірі төртінші МӨЗ құрылысын қосқанда мұнай өңдеу зауытын дамыту жайы. Қазіргі таңда 2016 жылы аяқталуы жоспарланған қазақстандық үш МӨЗ жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 2017-2022 жылдары республика Еуро-4 және 5 стандарты бойынша толықтай жанармаймен, дизель отынымен, әуе керосинімен қамтамасыз етіледі», - дейді министр.

Сонымен қатар, ведомство  жоспарға сай МӨЗ жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

Ұ.Қарабалиннің айтуынша, Атыраудағы ароматты көмір қышқыл кешені бойынша 2013 жылы 100 пайыз технологиялық құрылғылар орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба екінші жартыжылдықта іске қосылады деп күтілуде.

«2016 жылы іске асырылуы тиіс терең өңдеу кешені бойынша қазіргі таңда «Синопек Инжиниринг» (ҚХР), «Марубени» (Жапония) мен «КазСтройСервис»-тен тұратын консорциум келісімшарт жұмыстрын бастап кетті. Шымкент МӨЗ бойынша жобаны жеделдету стратегиясы мен инвестициялық кезеңге өту қолға алынды. Бас мердігерді таңдау шешімі қабылданып, қаржыландыру схемасы дайындалды, тиісті құрылыс жұмыстары басталды», - дейді Ұ.Қарабалин.

Сонымен қатар, Павлодар мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары бойынша Rominserv  компаниясымен жұмыстың бірінші кезеңінің келісімі дайындалып, қаржыландыру жұмыстары ұйымдастырылуда.


Back to the list