• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда халықаралық дәрежедегі медициналық нысанның құрылысы жоспарлануда 06.04.2014

«Нысанның құрылысы мен оны жабдықтау мақсатында  осы саладағы әлемдік компаниялар тартылады. Жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады. Жалпы, Алматы қаласында халықаралық деңгейдегі медициналық орталықты ашу өте маңызды», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан басқа, қалалықкеңес «Атакент» көрме кешенінің территориясындағы «Қарқара» базарын қайта құру жобасын  және екі тұрғын үй кешенінің құрылысын бекітті.

Сонымен қатар қала басшысы шаһардың жоғарғы бөлігінде көпқабатты нысандардың құрылысы жүргізілмейтіндігін тағы да атап өтті. Ол мұндай тапсырманы Алматы қаласын дамытуға арналған жиналыста Мемлекет басшысының бергенін еске салды.

Сондай-ақ, А. Есімов өткен жылы Алматыда 10 жаңа бала бақша салынғанын атап өтті. Ал, ашылған жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің саны олардан едәуір басым.


Back to the list