04.04.2014
ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, Өскемен қаласы әкімдігінің жұмысына баға берген ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру, соның ішінде коммерциялық бағыттағы үйлерді де ұмыт қалдырмау мәселесіне тоқталды.
Өз кезегінде қала әкімі Темірбек Қасымжанов құрылыс саласындағы болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Баяндамасында айтуынша, 2014 жылға жоспарланған тұрғын үй құрылысының көлемі 104 мың шаршы метр, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 5 пайызға артық.
Сонымен қатар, облыс орталығында «Қолжетімді баспана» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары аясында 23 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Коммерциялық тұрғын үй құрылысы, болжам бойынша биыл үдей түспек. Жоспар бойынша «Самұрық-Жылжымайтын мүлік» және «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» қорлдарымен бірігіп 50 мың шаршы метрден астам үй салынбақ.