04.04.2014
Видеоконференция байланысы түрінде өтіп өткен алқа мәжілісі жұмысына қорғаушылардың республикалық кәсіби қауымдастық төрағалары, нотариустар, жеке сот орындаушылары, облыстық әділет департаменті жетекшілері мен сот актілері орындаушылары жетекшілері қатысты.
Ведомствоның хабарлауынша, Әділет министрлігі қызметі Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған тапсырмаларын іске асыруға бағытталған. Осы орайда Жолдаудың үдесінен шығу мақсатында төмендегі мәселелер қаралды: қызметкерлерді басқару бойынша Астана мен Алматы қалаларының әділет департаменттері қызметінің тиімділігінің сараптамасына қорытынды, құқықтық ағарту жұмыстарының әдістері мен формасын жетілдіру туралы, еңбек жалақысын қарастыру бойынша сот актісін орындау мәселесі. Алқа мәжілісі барысында тиісті бөлімдердің жетекшілері баяндамалары тыңдалды.
Министрдің айтуынша, ұйымның кадрылық дұрыс жұмыс істегенінде кез келген бөлімнің қызметі тиімділігі байланысты болып келеді. Осы орайда әділет департаментінің аймақтық бөлім жетекшілеріне қызметкерлерді алу, адам ресурсын тиімді пайдалану мен қызметкерлерді ынталандыру бойынша үлкен маңыз бөлінген.
Алқа мәжілісінің қорытындысында ведомство басшысы тиісті министрлік бөлімінің жетекшілеріне аталмыш мәселелер бойынша жұмыстарды көбейтуді тапсырды.