05.04.2014
«Қазіргі жағдайға қарап отырып мемлекеттік саясаттың ШОБ саласында қайта жаңарып жатқанын байқауға болады. Президенттің айтқанындай, «Қаулының іске асырылуы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтерді дамыту үшін шарттарды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді». ШОБ-ке мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетілуі, менің ойымша, Қазақстанның жаһандық экономикада бәсекеге қабілеттіліктерін арттырымақ», - дейді кәсіпкер.
Оның айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау бойынша шараларды іске асыру нәтижесінде барлық тарап артықшылыққа қол жеткізеді.
«Мемлекет үшін бұл бюджеттің тұрақты түрде толтырылып отыруына жол ашып, қазақстандықтар үшін отандық өнім барынша қолжетімді етіліп, ШОБ-тің күшеюі жалпылай мемлекеттің қуатын арттырмақ. Президенттің Қаулысы кәсіпкерліктің дамуына шынайы жағдай жасап, негізсіз әкімшілік кедергілердің азаюын қамтамасыз етіп, бақылау-тексеру шараларындағы жемқорлықтың тарауының алдын алады», - дейді.
Кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, мемлекеттік қаражаттан кәсіпкерліктің дамуына бөлінген қаражат экономикалық өсімге серпін беріп, елдің әлеуметтік әлеуетін арттыра отырып жаңа жұмыс орындарын ашпақ.