• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жыл басынан бергі жүк тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өскен 07.11.2017

Жүк жөнелтушілердің тапсырысымен жоспардан 10 пайыз артық ұн, 13 пайыз артық астық тасымалданды. Жыл басынан бері экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсіп, 63,5 миллион тоннаны құрады. Жүктерді экспортқа шығару Ресейге (+12%), Қытайға (18%), Қырғызстанға (+10%), Өзбекстанға (+10%) және Түрікменстанға (+25%) көлемі өскен.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы ҚХР- Еуропаға транзиттік контейнерлік тасымал көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге, Еуропадан-Қытайға екі есеге өскен. Негізгі контейнерлік пойыздар Ченду- Достық –Лодзь бағдарына жиі қатынай бастады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мәліметіне қарағанда, тасымалдау көлемінің артуына өндіріс тиімділігін көтерудің кешенді шаралары жүзеге асырылуынан болып отыр. Оның ішінде өндірістік үдерістерді оңтайландыру, вагон паркін тиімді бөлу, вагондардың айналымын азайту, мүдделі құрылымдардың жұмысын бірлескен түрде үйлестіру жүзеге асырылды.

 

 


Back to the list