• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өскеменде  жолдарды қайта құру ісі қолға алынды 25.10.2017

Облыс орталығында алдағы жылдары сондай-ақ, үш деңгейлі айналма жол жобасын бастау жоспарда тұр.  Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс күнін Өскемендегі жол-жөндеу жұмыстарының барысын тексеруден бастады. Қайта құру ісі жүріп жатқан қаладағы барлық көшелерді аралады.

Айта кету керек, бұл жобалар алдағы 15 жылда облыс орталығындағы көлік кептелесін оңтайлы шешуі тиіс. Бүгінде Сәтпаев даңғылында жұмыс барысы қарқынды. Мердігерлер 700 млн теңгені игеріп үлгерген. Жібек маталар комбинаты шағын ауданының басты жолын 6 жолақты ету жоспарланған еді, алайда аймақ басшысы жобалық-сметалық құжатқа толықтыру енгізуді тапсырды. 

«Ортасын бөліп тұрған жолақты алып тастау керек. Осылайша жолды екі есеге үлкейте аламыз. ЖСҚ қысқы маусымда түзетулер енгізіңіздер. Ал қазір құрылыс-құрастыру жұмыстарын тоқтатпай, жалғастыру қажет. Келесі жылы 1 млрд. 800 млн. теңге бөлеміз. Айырық жолақ мәселесін қарастыруды жіті тапсырамын», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Өскемен әкімінің орынбасарына келер жылы байқауға еліміздегі басқа да жобалаушы ұйымдарын шақыру тапсырылды. Себебі, жергілікті компаниялар мерзімін кешіктіріп қана қоймай, тексеру кезінде облыс әкімі анықтағандай, жобада қателіктер жіберген.

Келесі нысанда ісіне жауапсыздық танытқан «ЭлитЭнергоСтрой» компаниясы өзгелерден ерекшеленді. Жөндеу жұмыстарына небәрі 4 техника жұмылдырылған.


Back to the list