• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жетіген –Ортақұдық  темір жол  учаскесі  жайлы бола түсті 29.09.2017

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай,  жаңғыртылған жол телімінде жылжымалы құрамның, жолдың үстіңгі қабатының тозығы жетуі төмендеп, магистральдық желіні жөндеуге кететін шығын көлемі азаяды. Құрылыс жұмыстарына негізінен қазақстандық өнімдері, оның ішінде рельстер, темірбетон шпалдары, бағыттауыш бұрмалар қолданылды. Ақтөбе ральс арқалығы зауыты рельсі Луговойға жеткізіліп, рельс торкөздері құрастырылды.

Теміржолшылар мұндай дүрсілсіз жолды бекер бархытты жол деп атамайды. Мұндай жайлы жол телімнің өткізу мүмкіндігін жақсартып, халықаралық транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыруына да ықпал етеді.

«Биылғы маусым айынан бастап бұл телімде №701/702 «Астана-Нұрлы жол- Алматы-Алтынкөл» жүрдек «Тұлпар-Тальго» пойызы қатынайды. Бұл пойыз халықаралық пойыз болып саналады. Себебі, Алтынкөл станциясынан Қытай жағына Үрімші пойызы жалғасады»,-делінген хабарламада.

Жаңа рельстермен жаңғыртуды қажет ететін Жетіген-Алтынкөл теміржол телімінің жалпы ұзындығы 287 шақырымды құрайды.

 


Back to the list