26.09.2017
Орынбор облысында халықаралық магистральды ауқымды қайта жаңарту жүргізіліп жатыр. Орынбор - Қазақстан Республикасының шекарасы федералды трассасының учаскесі 64%-ға дайын. Өңір үкіметінде барлық жұмыстар күнтізбелік кестеге сәйкес жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
«Трассаны қайта жаңарту жобасы екі жылға арналған. Ағымдағы жылы жол салушылар Ақбұлақ - Сагарчин учаскесінің 30 шақырымын тапсыруды жоспарлап отыр. Қажетті жұмыстар биылғы жылдың қараша айында аяқталмақ. Тағы 20 км үстіңгі асфальт төсемсіз тапсырылады. Жұмыстар толығымен 2018 жылы аяқталады», - деп түсіндірді Елшілікте.
Қажетті материалдармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ақбұлақ жол учаскесінде екі асфальт зауыт жұмыс істейді.