31.08.2017
Маңызды мәселелердің бірі көліктік инфрақұрылым болып табылады. Биылғы жылы автожолдардың құрылысы мен қайта жөнделуіне 35,3 млрд теңге бөлінді, оған 502 шақырым жол жөнделеді. Саратов жолының жөнделуі жүргізілуде, 155 шақырым республикалық жолды жөндеуден өткізу қарастырылған: Жалпақтал, Жәнібек, Атырау және Самара жолы. Сондай-ақ, облыстық және аудандық маңыздағы 127 км жол жөнделуде.
БҚО әкімдігі хабарлағандай, құрғақ жолмен қоса, әуе бағыттар да дамуда. Орал әуежайында 6 рейстен бұрын, тағы 5 жаңа рейс ашылды. Бұл жолаушылар саны 190 мыңнан 300 мыңға артады деген сөзі. Сондай-ақ, жүк тасымалдау саласында келісім орнатылды.