24.07.2017
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ШҚО-да Қытай мен Еуроодақты жалғайтын темір жол салынады.
«Қытай тарапы «Карамай-Тачен-Аягөз-РФ- ЕО елдері» бағытындағы «Карамай-Тачен» теміржолы желісі бойынша құрылыс жүргізуді жоспарлап отыр. «Бақты-Аягөз» тарапы бойынша да темір жол салынады, ол 253 шақырымға созылады, таулы-қыраттар арқылы Бақты, Таскескен, Мақаншы, Аягөз автомобиль жолдары бойына созылады», - делінген хабарламада.
Мәліметке сәйкес, бірлескен жобаны жүзеге асыру ШҚО әкімінің бақылауында.