21.07.2017
Облыс әкімдігі хабарлағандай, қазір техникалық-экономикалық негіз жасау жүргізілуде. Жоба аясында Өскеменде 115 жаңа автобусты сатып алу жоспарланған, Семейге 85 автобус.
«Жалпы, екі қаланың автобус паркі 30-40 пайызға жаңартылады», - делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетерлігі, автобустар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы қондырғымен жарақтандырылады.