• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұрлы жол» теміржол вокзалына түнгі автобус қатынайды 21.07.2017

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа көлік орталығы «Алай Astra» С.316 көшесіндегі Орталық базардың маңына орналасқан.

№201 Экспресс-автобус түнгі 23.00-ден таңғы 06.00-ге  аралығында 35 минут уақыт салып қатынайды.

Оған қоса 29 шілдеден бастап №50 автобус бағдары «Нұрлы» жол теміржол кешеніне жетпей «Өнеркәсіп» тұрғын үй орталығынан қайтады.

Ал, №105 автобус бағдарының кестесі өзгеріп, оның соңғы аялдамасы «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешеніне тоқтайды.

Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешені маңына мына автобустар: 2,14,32,48,50,500 тоқтайды.

Сонымен қатар «КенMart –Astra» екінші көлік орталығы қызмет көрсетеді.

Жаңа екі көлік орталығының іске қосылуы елордасындағы «Астана-1» теміржол вокзалы маңындағы «Сапаржай» автовокзалының қызметін едәуір жеңілдетеді. 

 


Back to the list