20.07.2017
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Архитектуралық аталымға Астана вокзал кешенінен басқа 13 инфрақұрылымдық нысандар бар. Олардың қатарында
Värtaterminalen паром терминалы, Т.Брэдли атындағы Лос Анджелес халықаралық әуежайының терминалы, Salvador Bahia метросы, морской терминал Salerno теңіз терминалы бар.
«Нұрлы жол» вокзал кешені ТМД елдеріндегі баламасыз сәулет туындысы болып табылады. Әлемдегі соңғы жылдары салынған заманауи теміржол вакзалдарының бірі. Вокзалдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 35 мың жолаушыға барады.
Жаңа вокзалды жобалау барысында халықаралық сарапшылар командасы ғимаратты конкордты теміржолдың үстіне орналастырды. Бұл өз кезегінде ноу-хау вокзал ғимаратының орналасуы болып табылады. «Вокзал-көпір» жағалаудан өрлеп келіп көтеріледі. Кеңістікті тиімді пайдалану үлгісі.
«Вокзал кешені өзінің ауқымды әрі кеңдігімен тамсандырады. Ол соңғы заман талаптарына сай салынған. Вокзалдың қасбетіндегі тұсын тазалау барысында жаңбыр суын ғимарат аумағын суаруға пайдаланамыз. Суықтық пен ыстық ауаны арнайы баптағыштар бөліп, таратып отырады. Сол арқылы қуат көзін үнемді пайдаланамыз»,-дейді «Нұрлы жол» вокзал кешені директорының орынбасары Н. Аманжолов.
Архитектуралық WAF фестивалі жылма-жыл өткізіліп келеді. Кәсіби сәулеткерлер мен дизайнерлер арасындағы беделді әрі басты сыйлық. Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері әлемдік танымалдыққа ие болып, түрлі жеңілдіктерді пайдаланады. WAF-2017 фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 15-17 қарашада Берлинде өткізіледі.