• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында теміржол желісі ұзарды 17.07.2017
Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, соңғы екі-үш жылда аймақтағы теміржол қатынасының аясы кеңейе түсті.
2014 жылдың 22 тамызынан «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылды.
Осыған байланысты, 2016 жылдың наурыз айында облысаралық «Қызылорда - Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылды.  
Осы жылдың 1 шілдесі күні «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызы жолға шықты. «Қала маңындағы тасымал» АҚ-ға қарасты жаңа бағыт бойынша екі вагондық пойыз аптасына 5 күн қатынайды. Ол облыс оңтүстігіндегі барлық аудан орталығы мен станцияларға, разъездерге тоқтайды.
Саладағы тағы бір жаңалық – аймақ теміржол желісі ұзара түсті. «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл станциясынан Қоскөл станциясына дейін жолдың қашықтығы  271,3 шақырымды құрап, оның бойында Қарашеген, Абай, Аралық станциялары мен 10 бекет салынуда.

Back to the list