• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Орал-Франкфурт  жаңа әуе рейсі ашылды 16.06.2017

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлағандай,  жаңа халықаралық рейс өңір үшін инвестор тартуға, бизнес саласындағы серіктестікті  дамытуға оң жағдай туғызады.

Франкфурт әуежайы – Германияда орналасқан ірі әуежай.

 Еуропа бойынша жолаушылар саны жөнінен Лондон қаласындағы Хитроу, Париждегі Шарль-де-Голль және Стамбұлдағы Ататүрік әуежайларынан кейінгі 4-орында. Франкфурт әуежайынан әлемнің түкпір-түкіпіріне баруға 293 бағыттағы жолаушылар рейсі іске қосылған.

 «ҚПО б.в.» компаниясында 40-тан астам шетелдік мемлекеттен келген мамандар жұмыс жасайды. Бір жағынан, олар үшін еліне барып келуге жағдай жасалуда.

Airbus A320 c ұшағында эконом кластағы 132, бизнес-класқа арналған 16 орын бар. 

 «Әуе лайнерінің электронды құрылғылары арқылы жолаушыларға кино көруге, ән тыңдау, журнал оқуға мүмкіндік туғызылған», - делінген хабарламада.  

 


Back to the list