15.06.2017
Сарапшылардың пікірінше, Баянауылдағы ұшақ жолағы кез келген жеңіл авиацияны қабылдауға дайын.
Алғашқы болып Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жолаушы ретінде екі орындық FK14 Polaris ұшағымен топырақты жолаққа келіп қонды.
Әуе кемесінің командирі Валерий Сибагатулиннің айтуынша, жолақтың сапасы кез келген екі, төрт, алты және сегіз орындық борттың қонуына мүмкіндік береді.
Валерий Сибагатулиннің айтуынша, өзі жұмыс істейтін орталық Баянауылға арнайы ұшқыштарды оқытуға дайын.
Атап өтеп болсақ, аэродром толығымен шілде айында дайын болады. Мұнда Павлодардан ғана емес, Астана және Қарағанды өңірлерінен де ұшақтар келеді деп күтілуде.