• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана-Батуми жаңа әуе рейсі ашылады 14.06.2017

Аталмыш рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грузияның авиациялық билігі бірлесіп жұмыс атқарды. 

«Бұл рейс Boeing 737 ұшағымен аптасына бір рет, жергілікті уақыт бойынша жексенбі күні сағат 05:20-да Астанадан аттанады», - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Грузияның авиациялық билігі бұл ашылған жаңа әуе бағыты екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын нығайтып, туризм саласының қарқынды дамуына ықпал ететініне сенімді.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында «AirAstana» әуе компаниясы Астана – Тбилиси және Алматы – Тбилиси, сонымен қатар,  «SCAT» әуе компаниясы Ақтау – Тбилиси, Ақтау– Кутаиси, Ақтау – Батуми бағыттары бойынша тұрақты рейстерді орындап келеді.

 


Back to the list