08.06.2017
Жер телімі ескі әуежай аумағынан бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталды. 8 маусымда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қастысуымен жобаны бастау салтанаты өтті.
«Елбасының аграрлық секторды экономиканы дамытудың жаңа драйвері ету туралы тапсырма бар. Біз оған алғашқы қадамдарымызды бастап келеміз. Бүгінгі таңда біз көтерме-үлестіру логистикалық орталығының құрылысын бастадық. Бұл бідің облысымызға өте маңызды және қажет нысан. Ең бастысы – бұл барлық халық үшін азық-түлік бағасын төмендетуге көмектеседі», - деді Ерлан Қошанов құрылыс алаңында естелік капсулды салу салтанатында.
Жобаны іске асыру 2017 жылдан 2019 жалға дейін, екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңнің құны 10,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішіне көтерме- азық-түлік орталығының, қоймалардың, көкөніс сақтау орындарының кедендік рәсімдеу аумағының құрылысы кіреді. Көтерме-логистикалық орталықтың қуаттылығы тауарларды жүктеу - жүк түсіру және жүкті өндеу бойынша жылына 350 мың тоннадан асады.
Жоба инвесторы танымал қарағандылық кәсіпкер Анвар Осин. Орталықтың құрылысына компания меншікті және қарызға алынған қаражатын салады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша бұл жобаға қолдау көрсетіледі. Мемлекеттік қаражат есебінен қажетті инфрақұрылым салынып, темір жол торабы өткізіледі деп жоспарлануда.
«Көтерме-үлестіру логистикалық орталығы аймағымызды және елімізді азық-түлікпен қамту мақсатында салынғалы жатыр. Келешекте көршілес елдерге де таратылатын болады. Мұнда жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретіндер өз өнімдерін делдалсыз өткізе алады. Оларға 2500 сауда орындары беріледі. Көтерме саудамен қатар демалыс күндері бөлшек сауда да ұйымдастырылатын болады, - дейді «Альфарух» ЖШС қаржылық директоры Тамир Даутов.