31.05.2017
Президентке терминалдың мүмкіндігі мен жолаушылар ағынының көбеюі кезінде қолданылатын шаралар туралы баяндалды.
Жаңа терминалдың алаңы 47 мың шаршы метрді құрайды, ол халықаралық жолаушылар мен VIP терминал, әуе кемесінің 6 жаңа тұрағы мен 4 шығарып салу автобусын қамтиды. Заманауи қауіпсіздік жүйесі орнатылған.
Онда компьютер мен Wi-Fi бар арнайы кеңселер, дәретхана мен сауна, душ, кресло мен сиденьялар орналасқан алты аймақ бар, ал үстіңгі қабаты мейрамханаға берілген.
Жаңа терминалдың ашылуы әуежайдың өткізу қуаттылығын жылына 3,6 – дан 8,2 млн адамға арттырады, бұл 1300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Жаңа әуежайдың құрылысына 80 млрд теңге жұмсалды.
Ақбота Күзекбай