• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Қазавтожол»  40-тан астам жол учаскесін жөндеуден өткізді 15.05.2017

Ұлан Әліпов хабарлағандай, су тасқыны салдарынан 42 жол учаскесіндегі жолдар мен жасанды құрылыстар бұзылды.

«2016 жылғы көрсеткшітермен салыстыратын болсақ ағымдағы жылдың зақым келтіру  көрсеткіштері  2,5 есе асып түсті. Бүгінде  41 жол учаскесі бойынша жөндеу жұмыстары аяқталып, 180 метр жол қабаты, 7,1 мың метр жол жиегі, 13 дана су өткізу құбыры қалпына келтірілді», - деп хабарлады Қазавтожол.

Бұдан басқа,  Кешенді мақсатты бағдарламаның екі айлық жұмысының бағыттары таныстырылды.

«Шұңқыр жөндеу, жолтабандар мен жол тарамдарын жою, жол белгілерін орнату, жол қоршауларын жөндеу, жүргін бөлікті сызып белгілеу, автопавильондар мен демалыс алаңдарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде барлық жұмыстар кестеге сай жүргізілуде және ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін Кешенді мақсатты бағдарламасы жоспарының 60%-ын орындау көзделуде» - деп түйді спикер.

Ақбота Күзекбай


Back to the list