28.04.2017
2017 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға 5,7 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталады, оның ішінде қайта құруға - 231 млн теңге, орташа жөндеуге - 3,8 млрд теңге, күтіп-ұстауға - 1,7 млрд теңге.
Сапалы жөнделген жолдар шығысқазақстандықтардың демалыс орындарына қолайлы жетуін қамтамасыз етеді. Адамдар жиі баратын демалыс аймақтарына баса назар аудара отыра, биыл Алакөл көліне апаратын жолды жөндеу жалғастырылмақ. Марқакөл көліне апаратын «Теректі – Урунхайка – Тосқайың» жолы қайта құрылмақ.
Бұдан бөлек, Алтай Альпісі демалыс базасына, Абай ауданының Жидебай шатқалына апаратын жолдар да жөнделетін болады.