25.04.2017
Пойыздың бағыты Ла-Манш астындағы тунель, Франция мен Бельгия, Германия, Польша, Беларусь, Ресей мен Қазақстан, одан ары Қытайға қарай жүріп өтеді. ТМД аумағы бойынша пойыздың операторы «KTZ Express» АҚ.
«KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Карл Гейссен хабарлағандай, Қазақстанның көліктік-логистикалық инфрақұрылымы жүк жөнелтушілерге жеткізілім уақытын екі есе қысқартуға мүмкіндік беретін мультимодальдық тізбекті түзуге мүмкіндік беріп отыр. Жүкті теңіз бойынша тасымалдау 36–38 күнді алады.
«Қытай мен Еуропа арасына жүріп отыратын пойыздар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтады, Қазақстан аумағы арқылы Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы құрлықтағы көлікті дамытуға септігін тигізеді», - деді ол.