19.04.2017
«Жаңа вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсететін болады. Оның ішінде 22 - «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы, 16 – стандартты және 16 – қала маңы пойызы», - делінген хабарламада.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадан келесі бағдарлар бойынша қосымша пойыздар жүретін болады:
Астана – Маңғышлақ;
Астана – Атырау;
Астана – Шымкент;
Астана – Қостанай;
Маңғышлақ – Астана;
Тараз (Жамбыл) – Астана;
Орал – Астана;
Қарағанды – Астана.
Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, қоғамдық көлік бағдарын, сондай-ақ жаңа вокзалға дейінгі экспресс-бағдарларды ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.
Толық ақпарат алу үшін теміржол вокзалдарының анықтама қызметтеріне немесе 105 нөмірі арқылы бірыңғай анықтама қызметіне хабарласу қажет.