10.04.2017
Автобустар аталмыш бағыттарға автовокзалдар мен авто станциялардың территориясынан жолға шығады (республика бойынша 34 автовокзал мен 138 автостанция бар). Мұнда тасымалдаушылар жолаушылар мен багажды тасымалдау талаптарының және барлық ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде жеке тұлғалар белгіленбеген жерлерден, сондай-ақ вокзал алдындағы алаңнан, базарлардан және стихиялық тұрақтардан халықаралық және қалааралық, облыстық бағыттарда заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын болып алды.
Көбінесе аталған тасымалдар көлік заңнамаларын сақтамау арқылы жүргізіледі. Рейс алдында жүргізушілерге медициналық бақылау жүргізілмейді, жолаушылар тасымалы үшін автобустардың техникалық жағдайы сай келмейді, жүргізушілердің еңбегі мен тынығуы сақталмайды және рұқсат құжаттары мен жолаушылар тасымалдау лицензиясы болмайды. Аталған тасымалдар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, ал жол-көлік оқиғалары кезінде сақтандырудың шығынының орнын толтыра алмайды.
Осыған байланысты, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті автобустарды таңдаған жағдайда, тиісті заңнаманың талаптарына сай келетін, ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді.