• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Әзербайжанның  теміржол әкімшіліктері стратегиялық серіктестік туралы келісімге келді 04.04.2017

Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов қол қойды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарлағандай, тараптар Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалы көлемін арттыруға мүдделі. 2020 жылдары тасымалдау көлемін 300 мың ЖФЭ-ке жеткізу жоспарланып отыр.

Келісім негізінде 2020 жылдарға дейін қазақстандық теміржол көлігі машиналарын жасау кәсіпорындарының 500 миллион АҚШ доллары көлеміндегі өнімін Әзербайжанға шығаруды жоспарлап отыр.

Бірлескен шаралар көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы Қазақстан мен Әзербайжан ғана емес өңірдегі көршілес мемлекеттердің де транзиттік жүк ағынын дамытуға ықпал етеді.


 


Back to the list