• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Әзербайжан кемежай инфрақұрылымы саласында  бірлескен кәсіпорын құрады 04.04.2017

Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Әзербайжан Каспий теңіз кеме қатынасы» ЖАҚ төрағасы Рауф Велиев қол қойды.

«Ferry Express Logistics» бірлескен кәсіпорнын құру – екі ел арасындағы көлік және логистикалық қатынасты дамыту және Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бағдарының әлеуетін арттыруды көздейді.

Алдағы уақытта Құрық (Ақтау) – Алят (Баку) – Құрық (Ақтау) бағдарында теңіз арқылы паром жүргізу және құрғақ жүк тасымалын атқарудың коммерциялық операторы құрылады.

Бірлескен қызметтер Қазақтан мен Әзербайжанның және көршілес елдердің қатысуымен транзиттік жүктерді тасымалдауды арттыруға бағытталады.


Back to the list