• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл ШҚО-да 365 шақырым жол жөнделеді 31.03.2017

Омбы – Майқапшағай автожолының учаскесін қайта жөндеу жалғасады, Таскескен-Бақты және Қалбатау – Өскемен  жолдары учаскелерін жөндеу жұмыстары басталады. Қатон-Қарағай ауданындағы Рахман қайнарына апаратын жолды күрделі жөндеу де қарастырылған, ол Ресей Федерациясының шекарасындағы  «Ауыл»  және «Уба» өткізу пункттері мен  Өскемен-Семей  жолдарындағы   «Жартас» көпірі арқылы өтеді.

Туристерді тарту мен қолайлы жағдай жасау үшін Теректі-Урунхайка-Тоскана автожолының  учаскесі жөнделеді. Ол Марқакөл өзеніне Алтайлық Альпі арқылы жеткізеді. Сондай-ақ, Алакөл көліне апаратын жол жөндеуден өтеді.

Өскеменнің  20 шақырым жолы жекелеген ойдым-шұңқырларды тегістеу әдісімен жөнделеді, оның жартысына қиыршық тас пен асфальт төселеді. Бұл тас жолды тозып кетуден сақтайды. 


Back to the list