• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да  111 жол қызметінің  нысаны  Ұлттық стандартқа сәйкестендіріледі 30.03.2017

Қазақстанда бүгінгі таңда  2,5 мың  жол сервисінің нысаны жұмыс істейді,  оның  80 пайыздан астамы  бекітілген стандарттарға жауап береді.

« «Нұрлы жол» инфрақұрылымын  дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында  2017 жылы республика бойынша  Ұлттық стандартқа   жол сервисінің  850 нысаны сәйкестендіріледі.  Оның ішінде ОҚО-да  111 нысан сәйкестендірілмек», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының жанынан   ОҚО-дан  847 шақырым  жерде жол сервисі мен сауда нысанының  529  мекемесі орнатылған.  Оның  227 нысаны  жергілікті пункттер шекарасында орнатылған.

 

 

 


Back to the list