• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан мен Қытай ШҚО арқылы халықаралық магистральді дамытуды  жоспарлауда 24.03.2017

Жоба өңірлік-географиялық басымдылыққа ие, даму үшін үлкен әлеуеті бар. Халықаралық магистраль Қытайдың  солтүстік-шығысын. Қазақстан, Ресей  және Еуропаны жалғайды. Магистральға қазақстандық тараптың қосылуы  үшін  ұзындығы  270 шақырым  Бақты-Аягөз темір жолын салу қажет.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, кездесу қорытындылары бойынша тараптар  Бақты-Аягөз және Қарамай-Тачен-Аягөз  учаскесінің құрылысын алдын ала зерттеу бойынша меморандумға қол қойды.

«Аталмыш жобаны жүзеге асыру жаңа перспективаны ұсынады. Бұл жүк тасымалдаудың уақытын қысқартады», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Қытайлық тараптың болжамы бойынша, жобаны жүзеге асыруда  жүк тасылымы  2020 жылға қарай  1,85 млн тоннаны, 2030-ға қарай  3 млн тоннаны құрауы керек. 


Back to the list