• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астананың көлік жүйесінің 2 мыңнан астам маманы біліктілігін арттырмақ 16.03.2017

Б. Игенбердиновтың айтуынша, 2014 жылы ашылған Астана қаласы көлік мамандарының біліктілік орталығы базасында қоғамдық көлік жүргізушілері, кондуктор-консультанттар, кәсіпорын диспетчерлері, call орталық операторлары, кассирлер және Astra Plat мамандары, сондай-ақ көліктік бақылау қызметінің инспекторлары үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары әзірленген.

Бұдан бөлек, астаналық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы хабарлағандай, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту үшін есепке алу мен бақылаудың заманауи жүйелері енгізілуде.

«Мысалы, диспетчерлендіру жүйесі қоғамдық көлік жұмыстарын нақты уақыт режимінде автоматты мониторингілеуді енгізуге мүмкіндік береді. Яғни, көліктердің уақыт аралығын, автобустардың аялдау уақытын, жүргізушілердің демалуын және т.б. Бұдан бөлек, бүгінде «Flashnet» диспетчерлендіру бағдарламасын енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, ол қазіргі уақытта 728 автобуста орнатылған», – деді Б. Игенбердинов.

Astra plat электрондық төлем жүйесі белгілі бір уақытта ең көп талап етілетін бағдарларды анықтауға және қажетті автобустардың саны мен жүру кестесін түзетуге мүмкіндік береді.

Б. Игенбердинов айтып кеткендей, биыл «Astra bus» мобильді қосымшасының жаңа нұсқасы іске қосылмақ.

Ақбота Күзекбай


Back to the list