• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2020 жылға дейін еліміздегі транзиттік тасымалдар көлемі ұлғаяды - ҚР ИДМ 09.03.2017

2016 жылы Қытай-Қазақстан-Ресей-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымал 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 105 мың ЖФЭ жетті (2015 жылы 47 мың ЖФЭ құрады). 2016 жылы Ляньюньган портындағы логистикалық терминал арқылы ЖФЭ 176 мың контейнер тасымалданса,  2020 жылы ЖФЭ 550 мың контейнер тасымалдау жоспарланып отыр.

"Көлік-логистика кешенін дамыту, трансқазақстандық дәліздердің жаңа сәулетін қалыптастыру ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жұмысының басым бағыты болып табылады. Ол үшін Солтүстік - Оңтүстік бағытындағы дәліздер дамуда, бұл Үндістаннан Еуропалық Одаққа және Ресейге тауарларды тасымалдау. Осы мақсатта бәсекеге қабілетті тарифтік жағдайлар жасалуда", - деді Серік Бәшімов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда "Номад экспресс" пилоттық контейнерлік пойыздары іске қосылған. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 16 жоба іске асырылуда, оның 11-і республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен қайта құруға бағытталған. 

"Өткен жылы біз 913 км республикалық маңызы бар көлік жолы қозғалысын ашсақ, биыл жұмыстар 4,5 мың км жолда жүргізілмек, осы ретте 100 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Жыл соңына дейін 600 км астам жол пайдалануға берілетін болады", - деді Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті директорының орынбасары.

Айта кету керек, Қазақстан аумағында 11 бағыт бойынша барлығы 100-ге жуық контейнерлік пойыз өтеді. Жұмысты одан әрі жалғастырып, 2020 жылға дейін 2 млн контейнер деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр.

Ақбота Күзекбай


Back to the list