• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық әуекомпанияларға Транссібір бағытын пайдалану арқылы ұшу құқығы берілді 07.03.2017

«Қазақстан мен Ресейдің қалыптасқан екіжақты серіктестік ынтымақтастығының негізінде Ресей Федерациясы территориясының әуе кеңістігімен ұшу мәселесі жөнінде келісім жасалды», - делінген хабарламада.

 Келіссөздердің қорытындысы бойынша, қазақстандық әуекомпанияларына Ұлан-Батыр мен Токиоға кедергісіз жаңа бағыт ашуға мүмкіндік беретін Транссібір бағыты жүйесін қолдану арқылы ұшу құқығы берілді.  Аталмыш мәселе ұзақ уақыт талқыланды.

Сонымен қатар, қазақстандық тасымалдаушылар Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша күн сайынғы рейстер орындау құқығын алды.

Тараптар келісімді хат алмасу жолымен бекітті.


Back to the list