03.03.2017
Бүгінде қазірлі көлік инфрақұрылымының жүктемесін азайту бойынша мәселе туындап отыр. Жаңа жолдар салу үшін көп қаржы керек.
«Қауіпсіздікке әсер ететін маңызды фактор транзит көліктер үшін Орталық – Оңтүстік бағытында айналма жолдың болмауы. «ҚазАвтоЖол» АҚ жалпы құны 48 млрд. теңгені құрайтын ұзындығы 49 км қаланы Солтүстік-шығыстан айналып өтуді қайта жөндеу мен салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі. Бұл қаланың көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ қаржыландырудың болмауына байланысты жобаны іске асыру кейінге қалдырылды», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Сәбит Оспанов Қарағанды қалалық мәслихатының сессиясында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, қала әкімдігі қаржы бөлу қажеттілігі туралы хатты Премьер-Министрге жолдады. Әкімнің орынбасары депутаттардан Үкіметке тиісті өтініш жолдауларын сұрады.
Қаладағы апаттылық жоғары болып қалуда.