23.02.2017
Былтырғыдай, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары алдымен орта жөндеуге бағытталады. Жалпы алғанда, бүгінде облысымыздағы жолдардың 76,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.
« 2016 жылы жалпы ұзақтығы 389 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына асфальт төселген, оның 221 шақырымы – облыстық маңыздағы жолдар. Әсіресе, жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдардың қалпына келтірілуі тұрғындар үшін жақсы жаңалық болғаны рас. Оның ішінде Алакөл көліне апаратын, сондай-ақ, Өскемен қаласынан «Нұртау» шаңғы базасына дейінгі жолдар, сонымен қатар, Күршім-Қалжыр, Өскемен-Тарғын-Самар, Бородулиха-Шемонайха бағыттарындағы трассалар жөндеуден өтті. Бұған қоса, Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылы аралығындағы 78 шақырымды құрайтын жол учаскесінде және Сібе көлдеріне апаратын тас жолда орта жөндеу жүргізілді», - делінген хабарламада.