• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстандық және өзбекстандық теміржолшылар транзиттік тасымалдауға қолайлы тарифтік жеңілдігін жасауда 23.02.2017

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы темір жол көлігімен жүк тасымалдауда өсім байқалады. Тасымалдау көлемі 19 миллион тоннаны құрады.

Кездесуде екі ел аумағымен транзиттік тасымалдау көлемін өсіру мен жеңілдікті тарифті қолдану жайы талқыланды.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстаннан экспортқа шығарылатын астық және ұн өнімдерін, 45-футтық рефрижаторлық контейнерлермен тасымалдаумен қатар Қазақстан аумағы арқылы өзбекстандық жеміс-жидектерді және басқа да азық-түлік өнімдерін транзиттік тасымалдау бойынша келісімдер жасалды.

Келісім барысында өзбек тарапынан келетін экспорттық және импорттық шараларын Ақтау және Құрық порты арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша ұйымдастыру жайына «ҚТЖ» ҰК» АҚ баса назар аударып отыр.

Ташкентте «ҚТЖ- Жүк тасымалы» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында Қазақстан аумағы арқылы жүктерді тасымалдаудың электрондық коммерциялық ілеспе құжаттары бойынша ақпарат алмасуы туралы Келісімге қол қойылды.

 

 


Back to the list