21.02.2017
2016 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы жүк тасымалы көлемі 2117 мың тоннаны құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 16 пайызға өскендігі байқалды. Экспорт көлемі 14 пайызға өссе, екі ел арасындағы транзиттік тасымал көлемі де арта түскен.
Иран тарабы Түркменстан мен Қазақстан аумағы арқылы азық-түлік пен жеміс-жидектерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның рефрижераторлық контейнерлерімен тасымалдауға ынта білдіріп отыр.
Қосымша жүк ағынын тарту үшін Қазақстан мен Иран теміржол әкімшіліктері арасында тарифтік жеңілдіктерді қолдану туралы Хаттамаға қол қойылды.
Таяу арада Ашхабадта Қазақстан, Иран, Түркменстан теміржол әкімшілігі өкілдерінің үшжақты кездесуін өткізіп, онда тариф мәселесін қарау жоспарланып отыр.
Оған қоса, наурызда «ҚТЖ»ҰК» АҚ, «Тұлпар-Тальго», «Patentes Talgo» өкілдері кездесіп Иранға қазақстандық вагондарды жеткізу жайын талқылайтын болады.