21.02.2017
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінде хабарлағандай, ұлттық теміржол тасымалдаушысы жедел режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.
«Өткен тәуліктерде темір жолдың барлық учаскелері бойынша пойыздарға 70-тен астам вагон тіркелді, бұл қосымша 5 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді. Жолаушылар теміржол тасымалына түсетін жүктеменің өсуін ескере отырып, жолаушылардың тағайындалған орындарына уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр», – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, компаниялар мен ҚТЖ басқа да қызметтерінің басшылары санынан тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылған.