17.02.2017
«2017 жылы республикалық жолдардың құрылыс-монтаждық жұмыстарын қаржыландыруға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалына 75 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың жөнделуіне барлық бюджеттен 11 млрд теңге бағытталды», - деді әкім.
Осылайша, Шақат-Шығыс-Шалдай автожолының 23 км 749,4 млн теңгеге, Майкаин-Екібастұз бағытында 17 км жолды 1,5 млрд теңгеге, Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты щебенка жолының 10 км және 23 км асфальттауды 555,6 млн теңгеге жүзеге асырады.
Сондай-ақ, 804,4 млн теңгеге Жаңажұлдыз- Петропавл автожолының 35 км жолы, орташа жөндеу 21,5 км автожолға 332 млн теңгеге көлемінде жұмсалады.
Сонымен қатар, аймақ басшысы 2017 жылы автомобиль жолдарының қазіргі жағдайын қамтамасыз ету 4 есеге өскенін айтты, облыстық жолдарды қамтуға 300 млн-нан 1 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінді.