• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2017 жылы Теміртауда жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауға 2,5 миллиард теңге жұмсалады 13.02.2017

«Теміртау мен Ақтау кентінде автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға 2016 жылы 410,9 млн теңге бағытталды. Автомобиль жолдарының жағдайына қатысты шағымдар көп болғандықтан 2017 жылы осы мақсатта 2,5 млрд теңге, немесе 6 есеге көп қаржы қарастырылып отыр», – деді Ғалым Әшімов.

Облыстық бюджеттен Темиртауға автожолдар мен тротуарларды жөндеуге  1 млрд теңгеден астам сомада мақсатты трансферт бөлінді.

«Республика даңғылы Каршоссе көшесінен Металлургтер даңғылына дейінгі бөлігіне қиыршықтасты-мастикалық асфальтбетон жабыны төселеді.

Қалалық бюджеттен Металлургтер даңғылын Республика даңғылынан Алматы-Екатеринбург тасжолына шығатын жолға дейінгі бөлігінде; Бәйсейітова көшесі мен орамішілік жолдарды; Амангелді көшесіндегі тротуарлар мен автожол учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 952,4 млн теңге бөлінді.

Бұған қоса, 495 млн теңге қаланың орамішілік жолдарын жөндеуге бөлінді.

«Барлығы Теміртауда 37 шақырым жол жөнделеді», – деп қорытты Ғалым Әшімов.

Ақтау кентінде жолдарды орташа жөндеуге қалалық бюджеттен 28,4 млн теңге жұмсалмақ.


Back to the list