08.02.2017
«Қала құрылысы саясатында көліктік инфрақұрылымды жоспарлаудың рөлін күшейту ыңғайлы веложолдар, жаяу жүргіншілер жолын, паркинг, тұрақтардың жүйесін құру мен жолдарда бірқатар инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Біз тұрғындардың орын ауыстыруын қамтамасыз етуіміз керек. Ол мақсат үшін біз 380 бірлік қазіргі заманғы автобус сатып алдық. Ол экологиялық жағдайды жақсартып, көлік мүмкіндігі арқылы ішкі көші-қонды қамтамасыз етеді», - деді А.Исекешев.
Сондай-ақ, биылғы жылы 55 жабық аялдамалық павильон орнатылады. Ол жеке бастаманы жүзеге асырудың 200 жолы арқылы іске асады.
Қала басшысы айтып өткендей, «BusLane» жобасы бойынша қосымша 64,7 шақырымдық 24 учаскені қамтып отыр. Ол жылдамдықты 2 есеге арттырып, автобус күтуді 15-20 минуттан 7-10 минутқа қысқартады.
Сондай-ақ, қозғалысты оңтайландыратын жолдардың құрылысы жүзеге асырылады.
Исекешевтің айтуынша, қазіргі кезеңде қоғамдық көлікпен халықтың 33 пайызы, 2020 жылға қарай ол көрсеткішті 45 пайызға арттырады.
Сурет: Арман Мұхатов