06.02.2017
2016 жылы желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ көліктік логистикалық бірыңғай провайдері әрі мультимодальдық қызметі тобының жұмысын атқаратын «KTZ Express» АҚ компаниясы өзінің жүк вагондарымен тасымалдау қызметін электрондық «вагондар биржасы» арқылы қанатқақты жобасын ұсынды.
Ол арқылы жүк жөнелтушілерге «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылжымалы құрамдарын пайдаланудың баламалы биржалық негіздегі қызметі қолайлы нарықтық бағамен ұсынылды.
Сауда ашық электрондық аукцион тәртібімен «ағылшындық әдіс» бойынша өткізілді. Онда вагонның бастапқы тәуліктік пайдалану тарифы оператордың бағасы ҚҚС-ті қоспай есептегенде 3 948, 06 теңгені құрады. Жүк жөнелтушілер мен көлік компанияларының бәсекелес ортасындағы ұсыныстары тәулігіне ҚҚС-ті қоспай есептегенде 6360 теңгемен жабылды.
«KTZ Express» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Е. Мақаштың айтуынша, «жылжымалы құрамды пайдалануға берудің операторлық қызметі вагонды ұсынумен ғана шектелмейді. Бұл нақты клиентке арналған кешенді логистикалық қызмет шешімдерін құрайды. Вагонды электрондық сауда алаңында ұсыну - барлық операторларға тең дәрежедегі мүмкіндік әпереді. Жүк иелеріне жылжымалы құрамды кепілдікті түрде беріп, бүкіл өндірістік қызметі үдерісінің ашықтығын барынша автоматтандыру арқылы қамтамасыз етіледі».
Е. Мақаш, Rail Commerce жобасының операторларға ғана емес, жүк жөнелтуішлерге де қолайлы әрі тиімді екендігін айтады. Жылжымалы құрамның операторларына тиісті өңірлердегі қажетті жүк көлемін анықтауға мүмкіндік әперсе, ал өз кезегінде жүк жөнелтушілер өз өнімдерін тиейтін қолайлы вагондарды тез таңдай алады.